Accessibility links

Каддафи елдегі толқуларға Бин Ладен кінәлі деді


Ливия жетекшісі Муаммар Каддафи елдегі толқулардың артында "Әл-Қаида" лаңкестік желісінің басшысы Осама Бин Ладен тұр деп айыптады. Мемлекеттік телеарнадан берілген мәлімдемесінде Каддафи толқулар барысында қаза болғандарға байланысты көңіл айтып, оларды "Ливия балалары" деп атады.

Каддафи елдің батысындағы Зауия қаласының тұрғындарын нашақорлар деп айыптады. Бейсенбі күні аталмыш қалада Каддафиге қарсы шерушілер үкімет күштерімен қақтығысқан болатын.

Каддафиді қолдаушы қауіпсіздік күштері Мисрата қаласындағы наразылық танытушыларға шабуылдаған. Каддафидің 42 жылдық билігіне қарсы шерушілер Триполиге дейін баратындарын айтып отыр.

Ресей мен Еуропа Одағы Ливиядағы наразылық танытушыларға зорлық-зомбылық жасалуын айыптады.
XS
SM
MD
LG