Accessibility links

Ирак премьері елді наразылық күні шеруіне қатыспауға шақырды


Ирак премьер-министрі Нұри әл-Малики ел азаматтарын бүгінге жоспарланып отырған наразылық шеруіне қатыспауға шақырды.

Телеарна арқылы жасаған үндеуінде әл-Малики бұл шерулерді "азаттық пен демократия дұшпандары" - бұрынғы диктатор Саддам Хусейннің жақтаушылары мен "әл-Қаида" терроршылары өз мақсаттарына пайдаланбақшы деп мәлімдеді.

Бұған дейін интернеттегі әлеуметтік желілерде Тунис, Египет және басқа араб елдеріндегі сияқты жұма күні Иракта "Ашу күнін" - үкіметке қарсы жаппай наразылық шеруін өткізуге шақырған үндеулер жарияланған еді.
XS
SM
MD
LG