Андрей Сахаров атындағы «Ой бостандығы үшін» сыйлығы биыл авторитарлық билік режимдеріне қарсы халық толқулары болған араб мемлекеттерінде қоғамға есімдері танылған бес адамға берілді. Бұл туралы бүгін Страсбургте осы сыйлықты тағайындаған Еуропарламент басшысы Ежи Бузек мәлімдеді.
Атап айтқанда, Тунистік Мохаммед Буазизи (марқұм), Египеттен - Асмаа Макфуз, Ливиялық диссидент Ахмед ас-Сануси және Сириялық екі адам - заңгер Разан Зейтуне мен карикатурашы Әли Фарзат Андрей Сахаров сыйлығына лайықтылар деп танылды.
Тунис азаматы Мохаммед Буазизидің билікке қарсы наразылық ретінде өзін өзі өртеп, мерт болуы елде жаппай халық толқуына ұласып, ақыр соңында президент Бен Әли режимін құлатты. Египеттік белсенді Асмаа Макфуз - Каирдегі әйгілі Тахрир алаңындағы наразылық акцияларын ұйымдастырушылардың бірі. Ливиялық Ахмед ас-Сануси болса Муаммар Каддафи билікте болған кезде саяси көзқарасы үшін 30 жылдан астам түрмеде отырды. Ал Сириялық әйел Разан Зейтуне адам құқығын қорғаушы ретінде белгілі, оның отандасы Әли Фарзат оппозициялық іс-әрекеті үшін соққы көрген адам.
Адам құқығы үшін күреске қосқан еңбегі үшін берілетін Сахаров сыйлығын Еуропарламент 1988 жылдан бастап тапсырып келеді. Оған ие болған адамға – 50 мың еуро ақшалай сыйлық беріледі.
Осы кезге дейін бұл сыйлыққа ие болғандардың арасында Оңтүстік Африка республикасының бұрынғы президенті Нельсон Мандела, Мьянма оппозициясының жетекшісі Аун Сан Су Чжи, Кубалық диссидент Гильермо Фаринас пен өзге де елдердің белгілі тұлғалары мен ұйымдары бар.