Accessibility links

Пан Ги-мун Ливиядағы қантөгісті тоқтатуға шақырды


БҰҰ бас хатшысы Пан Ги-мун халықаралық ұйымды Ливиядағы қантөгісті тоқтатуға көмектесу үшін тезарада әрекет етуге шақырды.

Ливияда 42 жыл биліктер отырған Муаммар Каддафидің күштері мен үкіметке қарсы шерушілер арасындағы қақтығыстар барысында жүздеген адам мерт болды.

БҰҰ қауіпсіздік кеңесі Ливиядағы жағдайға қатысты қарарды қарап жатыр. Хабарларға қарағанда, Ливиядағы зорлық-зомбылыққа байланысты Гаагадағы халықаралық сот тергеу ісін жүргізуі мүмкін.
XS
SM
MD
LG