Accessibility links

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Ливияға қарсы санкцияны мақұлдады


Бүгін БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі бірауыздан Ливия жетекшісі Муаммар Каддафидің режиміне қарсы санкцияны мақұлдады.

Бұл қарар Каддафи мен оның туыс-жақындарының шетелге шығуына тыйым салып, есеп-шоттарын жауып тастайды.

Сонымен қоса Қауіпсіздік кеңесінің қарары халықаралық қылмыстық сотты Ливия үкіметінің шерушілерді басып-жаншуы мен бейбіт халықтың өліміне жауаптыларын тергеуге шақырады.

Және де бұл санкция бойынша Ливияға қару-жарақ эмбаргосы енгізілді.
XS
SM
MD
LG