Accessibility links

Ирақ премьері үкімет мүшелеріне жағдайды жақсартуға 100 күн берді


Ирақ үкіметінің басшысы Нури әл Мәлики елдегі шерушілердің қоғамдық қызметті жақсарту талабынан кейін кабинет мүшелеріне жағдайды реттеуге 100 күн уақыт бергенін айтты.

Жұма күні шерушілер үкімет үйіне шерумен келіп, қауіпсіздік күштерімен қақтығысып қалғанда 14 адам қаза тапқан. Премьер-министр Нури әл-Мәлики жексенбі күні әрбір министр бағаланып, қажет болса ауыстырылатын болады деді.

Ирақтық шерушілер наурыздың 4-де көшеге шығып, елдегі үкімет жұмысын 9 айға тоқтатып қойған даулы парламент сайлауына қатысты шеру өткізуге шақырған.

Адам құқын қорғаушы топтар да үкімет басшысын шерушілерге күш қолданғандарды тергеуге шақырды.
XS
SM
MD
LG