Accessibility links

Беджи Каид-Эссебси Тунистің премьер-министрі болып тағайындалды


Тунис премьер-министрі болып тағайындалған 84 жастағы Беджи Каид-Эссебси экс-президент Хабиб Бургибаның билігі кезінде бірқатар министрліктерді басқарған.

Тунистегі уақытша үкіметті басқарған Мохамед Ганнуши жексенбі күні қызметінен кетті. Өткен жұмадан бері елде шерушілер мен қауіпсіздік күштері арасында қақтығыстар болды. Ресми деректер бойынша, өткен жұмадан бері кемінде үш кісі қаза тауып, екі жүзге жуық адам жараланған.

Шерушілер қаңтар айында биліктен қуылған бұрынғы президент Зин Әбидин Бел Әлидің билігі кезінде үкімет басқарған Ганнуши мен тағы бірқатар министрлердің қызметтен кетуін талап еткен болатын.
XS
SM
MD
LG