Accessibility links

Жаңа Зеландиядағы зілзала салдарын жою 15 миллиард долларға түседі


Жаңа Зеландия премьер-министрі Джон Кей Крайстчёрч қаласында болған зілзала зардабын жою шығыны ел экономикасына 15 миллиард долларға түсетінін мәлімдеді.

Бүгін зілзалада құрбан болғандардың алғашқысы – бес айлық нәрестені жерлеу рәсімі өтті.

Өткен сейсенбі күні магнитудасы 6,3 балдық зілзала кемінде 148 адамның өмірін қиды. Хабарсыз кеткен 50 адамды әлі іздестіріп жатыр.

Билік орындары бүгін қатты дауыл соғып, зілзаладан зардап шеккен қаладағы ғимараттарды құлатуы мүмкін екендігін ескертті.
XS
SM
MD
LG