БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун Кот д’Ивуарға енгізілген эмбаргоны Беларусь елі бұзды деген хабардан кейін Қауіпсіздік кеңесінің төтенше жиынын өткізуге шақырды.
Хабарларға қарағанда, Беларусь бұл елге қару-жарақ эмбаргосы енгізілгеніне қарамастан, Кот д’Ивуарға шабуылдаушы тікұшақтар мен әскери күштерге қажетті жабдықтар жеткізген.
Кот д’Ивуарды ұзақ жылдар басқарып келген Гбагбо президенттік сайлаудағы жеңілісінен кейін де билікті қолдан бергісі келмей отыр.
Қарашаның 28-де өткен президент сайлауында Аллан Уаттараның жеңісі халықаралық мойындалғанымен, қазіргі президент Лоран Гбагбо президенттіктен бас тартпады.