Accessibility links

Қырғызстанның оңтүстігінде жағдай шиеленісе түсті


Қырғызстанның оңтүстігінде 500-ге жуық адам бір кәсіпкердің үйін өртеді. Олар әлгі бизнесменді «жергілікті салық инспекторын өлтірді» деп айыптап отыр.

Ош облысындағы Ноокат қаласында болған оқиғадан кейін полиция жиналған халықты күшпен таратты. Наразылық танытушылар алдымен Сағынбек Алимбаевтың өліміне қатысты тергеу ісі туралы егжей-тегжей мәліметтің берілуін талап етті.

45 жастағы қырғыз азаматы Алимбаев ақпанның 23-де оққа ұшқан болатын. Жұма күні полиция негізінен өзбектер тұратын көршілес ауылда үш күдіктіні ұстағанын хабарлады.

Жергілікті ішкі істер министрлігі департаментінің баспасөз хатшысы Ноокаттағы жағдай бақылауға алынды деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG