Accessibility links

Тегеранда қауіпсіздік күштері шерушілермен қақтығысты


Хабарларға қарағанда, бүгін Тегеранда Иран қауіпсіздік күштері көзден жас ағызатын газ атып, наразылық танытушылармен қақтығысқан.

Иран оппозициясы ел астанасы мен басқа да қалаларда шеру өткізіп, өз жетекшілерінің босатылуын талап етуді жоспарлаған болатын. Осыдан бір күн бұрын Мир Хоссейн Мусави мен Мехди Карруби Теһранда қамауға алынды деген хабар шықты. Иран сот жүйесінің өкілі бұл хабарды жоққа шығарды. Билік орындары Мусави мен Каррубидің қайда екендігін айтпады.

Египет пен Мысырдағы көтерілістерді қолдап шеру өткізуге шақырған оппозициялық жетекшілер ақпанның 14-нен бері үйқамақта отырған еді.
XS
SM
MD
LG