Accessibility links

Колумбия есірткі саудасына қатысты «қара тізімнен» алынды


Есірткіні бақылау жөніндегі халықаралық комитет Колумбияны есірткі саудасына байланысты айрықша бақылаудағы елдер тізімінен сызып тастады.

Халықаралық комитеттің мәлімдемесінде Колумбияның әлі де әлемде кокаин өндіретін ірі ел болып отырғаны, алайда есірткі саудасына қарсы күрес жүргізуде елеулі табыстарға жеткені айтылған.

БҰҰ-ның есірткі жөніндегі комитетінің есебі бойынша, 2000 жылдан 2009 жылға дейін Колумбияда өндірілетін кокаин көлемі 58% кеміген. Соңғы он жылда әлемнің басқа елдерімен салыстырғанда Колумбияда ең көп есірткі тәркіленген.
XS
SM
MD
LG