Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов әлемдік дағдарыстың аяқталуына әлі көп уақыт бар деп мәлімдеді. Сейсенбіде ресейлік РБК телеарнасына берген сұқбатында ол «әлемде дағдарыс енді ғана басталды деп санайтынын» айтқан.
«Әлемнің ірі экономикалары, ең алдымен, АҚШ, Еуропа одағы экономикаға ақшаны аямай төгіп, өз дефициттерін көбейтіп жіберді. Сондықтан дағдарыстың шын аяқталар кезі әлі алыс», – деді Мәсімов
Ол «алда бізді қиын уақыт күтіп тұр» деген пікір білдірді.
Қазақстан үкіметінің жетекшісі өз еліндегі жағдайды өзендегі мұзбен салыстырды.
«Біз оның үстін тәртіпке келтірдік, «жинастырдық», тазарттық, бәрі реттелген сияқты. Бірақ бұл – мұхитқа барып құятын өзендегі мұз», – деді Кәрім Мәсімов.