Accessibility links

Иран: Оппозициялық жетекшілерге қарсы шара қолдану керек


Ирандағы парламенттік комиссия билік орындарын оппозициялық жетекшілер - Мир Хоссейн Мусави мен Мехди Каррубиге қарсы қатаң шара қолдануға шақырды.

Парламенттік комиссия ақпанның 14-дегі үкіметке қарсы шерулерді зерттеу үшін құрылған болатын. Мусави мен Карруби Араб елдеріне жайылған толқуларды қолдап, Иранда шеру өткізуге шақырған болатын. Содан бері бұл екі оппозициялық тұлға үйқамақта отыр. Олардың туыстары Мусави мен Карруби әйелдерімен бірге Тегерандағы түрмеге әкетілді деп хабарлады. Алайда прокурорлар оппозициялық жетекшілердің түрмеге жабылғанын жоққа шығарып отыр.
XS
SM
MD
LG