Accessibility links

Ливияның шығысындағы қалаларға шабуыл жасалды


Хабарларға қарағанда, Муаммар Каддафиді қолдаушы күштер Ливияның шығысындағы қалаларға тағы да әуеден соққы берген. Мұнай терминалы орналасқан Брега қаласының әуежайына және Аждабия қаласына шабуыл жасалған. Бұл аумақтар - Каддафиге қарсы күштердің бақылауында.

Сонымен қатар Голландияның арнайы күштерінің үш мүшесін Каддафиді қолдайтын әскерилер тұтқындаған. Бұл хабарды Голландия әскерилері растады.

Бұған қоса, Гаагадағы халықаралық қылмыстық сот Ливиядағы зорлық-зомбылыққа қатысты тергеу ісін бастамақ. Бұл елдегі зорлық-зомбылық әрекеттері Туниспен арадағы шекарада үлкен гуманитарлық дағдарыстың қалыптасуына себеп болды.
XS
SM
MD
LG