Accessibility links

Каддафиге бола Лондон экономика мектебінің басшысы қызметінен кетті


Лондон экономика және саяси ілімдер мектебінің жетекшісі Говард Дэйвис Ливия басшысы Муамар Каддафимен байланысы үшін қызметінен кететіндігін мәлімдеді.

Дэйвистің мәлімдемесінде өзі басқарған мектептің Каддафи отбасы құрған ұйымнан екі жарым миллион доллар алуға келісім бергені «қателік» болғаны айтылған. Лондон экономика мектебі осы кезге дейін ол ақшаның 500 мың долларын алып үлгерген.

Білім мекемесінің кеңесі бұл мәселеге байланысты тәуелсіз тексеру жүргізетінін жариялады. Сонымен бірге, Лондон экономика мектебінің 2008 жылы Муамар Каддафидің ұлы Саиф әл-Исламға философия докторы атағын қандай негізде бергені де тексерілетіні айтылды.
XS
SM
MD
LG