Accessibility links

БҰҰ: Туниспен арадағы шекара Каддафи күштерінің бақылауында


БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі агенттігінің мәлімдеуінше, Туниспен арадағы шекараның Ливия жағын Муаммар Каддафидің режимін қолдаушы күштер басқарып отыр және олар адамдардың шекарадан өтуіне кедергі жасауы мүмкін. Аталмыш агенттіктің баспасөз хатшысы Мелисса Флемингтің айтуынша, бейсенбіде Туниске тек 2 мың ғана босқын өткен, оның алдында Ливиядан күніне шамамен 15 мың адам қашатын.

Тунистегі аймақтық Қызыл крест ұйымының мәліметінше, ақпанның 20-нан бері 100 мыңға жуық адам босып кеткен.

Ливия жетекшісі Муаммар Каддафиді қолдаушы қауіпсіздік күштері ел астанасы Триполи маңайында тексеру бекеттерін құрды. Жұма күні елде оппозициялық шерулер өтеді деп жоспарланған еді.

Хабарларға қарағанда, бүгін үкімет күштері Аждабия мен Брега қалаларына тағы да әуеден соққы берген.
XS
SM
MD
LG