Accessibility links

АҚШ Кот-д'Ивуардағы зорлық-зомбылықты тоқтатуға шақырды


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Кот-д'Ивуардағы зорлық-зомбылықты тоқтатуға шақырып, президент қызметінен кетуден бас тартып отырған Лорано Гбагбоны адамдардың тағдырына немқұрайдылық танытқаны үшін жазғырды.

Клинтон Кот-д'Ивуар астанасында бейбіт шеруге шыққандарды әскерилер қуып таратқан кезде жеті әйелдің қаза тапқанын айтты. Ол әйелдер былтыр қарашада Кот-д'Ивуарда өткен президент сайлауында жеңіске жеткенін әлем қауымдастығы таныған Алассан Уаттараны қолдап шеруге қатысқан.

Африка одағы араағайындыққа тағайындаған африкалық бес мемлекеттің президенттері де жұма күні Гбагбо билігінен бейбіт тұрғындарды қырып-жоюды тоқтатып, Абиджан қаласында Уаттара отырған қонақ үйді қоршаудан босатуды талап еткен.

БҰҰ-ның босқындар жөніндегі басқармасы Кот-д'Ивуардағы жағдайдың нашарлап кетуіне байланысты гуманитарлық операцияларды тоқтатуға мәжбүр болғанын хабарлады.
XS
SM
MD
LG