Accessibility links

Назарбаев Қазақстан әйелдерін 8-наурыз мейрамымен құттықтады


Бүгін Астанада басталған Қазақстан әйелдерінің бірінші съезінде ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық әйелдерді 8-наурыз мерекесімен құттықтады.

«Өздеріңізге мемлекеттік құпияны айтайын, экономикалық дамыту және сауда министрінің маған баяндауынша, біздің әйелдерінің өздеріне жұмсайтын ақша көлемі еліміздің қару-жарақ алуға жұмсайтын шығындарынан да көп. Бұған таңғалуға болмайды, өйткені әйелдер жеңіске күнделікті жетуі керек», – деді президент Назарбаев.

Ол биыл Қазақстанда өткен жетінші қысқы Азия ойындарында қазақстандық спортшылар жеңіп алған барлық медальдардың 40 пайызын әйелдер иеленгенін атап өтті.

AzattyqTV

Жаһан жаңалықтары

Жээнбеков кім?

XS
SM
MD
LG