Жексенбіге қараған таңда Ливия астанасы мен ел жетекшісі Муаммар Каддафидің резиденциясы маңында атыстар естілді.
Ливия билігінің өкілдері бұл оқ шашуларды Каддафидің жақтастары мұнайлы Рас Ланауф қаласына бақылауды қайта алғанын тойлап атқылады деді. Бірақ жергілікті тұрғындар қалаға бақылау оппозицияның қолында қалып отырғанын айтты.
Ливияның мемлекеттік телеарнасы хабарлағандай, Каддафи күштері жағалаудағы әл-Зауия мен Мисрата қаласын көтерілісшілерден қайтарып алып, Каддафидің 41 жылдық режиміне қарсы шығушылардың орталығы Бенгази қаласына қарай бет алды деді.
Үкіметтің бұл айтқандарын растайтын тәуелсіз ақпараттар түспеді.