Accessibility links

Британия шетелдік студенттерге виза беруді шектемекші


Ұлыбритания шетел студенттері үшін виза жүйесін қатаңдататын шараларды қарастырып отыр.

Британия Ішкі істер министрлігінің мәлімдемесінде, виза беруді шектеу мен шетелдік студенттерге ағылшын тілі талаптарын күшейту жоспары елдегі университеттерге кері салдарын тигізбейді деді.

Британияға баратын студенттердің үштен-екісі Еуропа одағынан емес және олар жылына бұл елдің экономикасына 8 миллиард доллар қаржы әкеліп отыр.

2010 жылы Британия шетелдік студенттер мен олардың бала-шағасына 300 мыңнан аса виза берген.
XS
SM
MD
LG