Accessibility links

Карзай енді бейбіт халықтың өліміне жол берілмейді деді


Ауғанстан президенті Хамид Карзай елдегі АҚШ бастаған күштердің шабуылы бейкүнә балалардың өмірін қиған оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады.

Ол жексенбі күні Ауғанстандағы АҚШ күштерінің қолбасшысы Дэвид Петреуспен кездесіп, бұдан былай мұндай жағдай болмауы тиіс және оған қатысты кешірім жеткіліксіз деді.

Хамид Карзай бұл туралы наурыздың 2-дегі НАТО тікұшақтарының шабуылынан отын теріп жүрген тоғыз бала қаза тапқан соң айтты.

Жексенбі күні жүздеген ауғандық тоғыз баланың суретін алып көшеге шығып, Америкаға қарсы ұрандар айтты. Олар әскери операциялардан бейбіт тұрғындар қаза болып жатқанына наразылық білдірді:

«Халықаралық қауымдастық НАТО шабуылдарының мұндай өлімдеріне куә болып отыр. Бірақ олар бұған соншалықты назар аудармай келеді. Біз бұл мәселенің көтерілгенін қалаймыз» деді ауғандық Азада деген ана.

АҚШ президенті Барак Обама балалар өліміне қатысты өкінішін Ауғанстан президенті Хамид Карзайға білдірген.
XS
SM
MD
LG