Accessibility links

АҚШ қорғаныс министрі Ауғанстанға барды


АҚШ қорғаныс министрі Роберт Гейтс күтпеген жерден Кабулға іс-сапармен барды. Оның Ауғанстанға сапары НАТО тікұшақтарының ауғандық тоғыз баланы абайсызда атып өлтіргенінен кейін болып отыр.

Наурыздың 2-сінде Кунар провинциясында отын теріп жүрген балалардың НАТО шабуылынан қаза табуы ауғандықтардың жаппай наразылығына түрткі болды. Жексенбі күні Ауғанстанда жүздеген адам наразылық шарасын өткізіп, бұл оқиғаға халықаралық қауымдастықтың назарын аудартпақ болды.

Ауған президенті Хамид Карзай "АҚШ қолбасшысы Дэвид Петреустің бұл оқиғаға қатысты кешірім сұрауы жеткіліксіз" дейді. Карзай енді елде бұдан кейін бейбіт халықтың өліміне жол берілмеуі керегін айтты.
XS
SM
MD
LG