Accessibility links

АҚШ-тың жаңа елшісі Пәкістанда бірнеше кездесу өткізді


АҚШ-тың Ауғанстан мен Пәкістан бойынша жаңа өкілі Марк Гроссман дүйсенбі күні Исламабадта билік өкілдерімен кездесулер өткізіп жатыр.

Өткен айда ғана осы қызметке тағайындалған Марк Гроссманның Пәкістанға сапары Вашингтон мен Исламабад арасында америкалық дипломаттың екі пәкістандықты атып өлтіргеніне қатысты дау ушығып тұрған сәтте болып отыр.

АҚШ "Орталық барлау агенттігінің қызметкері өзін қорғау үшін әрекет етті" дейді. Пәкістан "бұл мәселені сот шешеді" дегенді айтады.

Гроссман Пәкістан премьер-министрімен, президентімен және басқа да жетекші ресми өкілдермен кездесіп жатыр.

Осыған дейін АҚШ-тың Ауғанстан мен Пәкістан бойынша арнайы өкілі желтоқсан айында өмірден өткен Ричард Холбрук болған еді.
XS
SM
MD
LG