Полицияның айтуынша, Пәкістанның шығысындағы жанармай бекетінде көлікке тиелген бомба жарылып, кемінде 23 адам қаза тапқан. Бұл шабуылдан сонымен қатар 100-ден астам адам жарақат алған.
Кей бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, жарылыс Пәкістан барлау агенттігі кеңсесі жанында болған.
Файсалабад - Пенджаб уәлаятындағы негізгі өнеркәсіп орталығы.
Пәкістан қалаларында көптеген шабуылдарды негізінен "Әл-Қаида" мен "Талибан" бүлікшілері жасайды. Олар қауіпсіздік күштерін жиі нысанаға алады. Алайда мұндай шабуылдардың көбі ауған шекарасына жақын Пәкістанның солтүстік-батысында жасалады, ал елдің шығысындағы Файсалабадта жарылыстар жиі бола бермейді.