Accessibility links

Австрия соты Йован Дивьякты кепілге босатты


Австрия соты босниялық армияның бұрынғы генералы Йован Дивьякты кепілге босатты. Ол өзін экстрадициялау мәселесі жөнінде сот тыңдауы біткенше Австриядан ешқайда кетпейтіні туралы қолхат берген.

Дивьяк Сараевода 1992 жылы югославиялық әскери колоннаға шабуыл жасаған деген айып бойынша өткен бейсенбіде ұсталған.

Австрия сыртқы істер министрі өз елінің Йован Дивьякты Сербияға бермейтіні туралы мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG