Accessibility links

Обама мен Кэмерон Ливиядағы жағдайды талқылады


Сейсенбі күні телефон арқылы сөйлескен АҚШ президенті Барак Обама мен Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон Ливиядағы жағдайды талқылады. Әңгіме барысында Ливияға қарсы санкция енгізу мәселесі де айтылды.

Ақ үйдің хабарлауынша, Обама мен Кэмерон Ливияның әуе кеңістігі арқылы ұшуға тыйым салу жайын да сөз еткен.

Ұлыбритания премьері Би-би-сиге берген сұқбатында "Ливиядағы зорлық-зомбылыққа әлем бейжай қарап отыра алмайды" деп мәлімдеген.

Ал АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон "Скай Ньюс" телеарнасына берген сұқбатында Ливияның әуе кеңістігіне қатысты түпкілікті шешім тек БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің қарары бойынша қабылдануы тиіс деп атап көрсеткен. Ұлыбритания мен Франция осындай қарар жобасын әзірлеп жатыр.

Араб мемлекеттері лигасына мүше елдердің сыртқы істер министрлері Ливиядағы жағдайға қатысты сенбі күні шұғыл мәжіліс өткізбекші.
XS
SM
MD
LG