Accessibility links

Қазақ эстрада әншілері жастарды сайлауда дауыс беруге шақырды


Бүгін Алматыда қазақ эстрадасының бір топ әншісі жастарды елде өтетін кезектен тыс президент сайлауына дауыс беруге шақырды.

Баспасөз мәслихатында сөйлеген Нұржан Керменбаев, Медеу Арынбаев, Баян Есентаева, Аша Матай, Мұрат Қожа өздерінің жүрек қалауы бойынша мәлімдеме жасап отырғандарын жеткізді.

Әншілердің айтуынша, сәуірдің 3-іне белгіленген саяси науқанға дауыс беруге ел азаматтарының ықыласын ояту мақсатында арнайы жасалған бейнеүндеу интернеттегі әлеуметтік желілер арқылы таратылатын болады.

Осындай мақсатпен қазақ және орыс тілдерінде «Қазақстан үшін дауыс бер» деген ән де жазылыпты.

Елде «әділ сайлау өткізуге мүмкіндіктердің барын» айтқан әншілер оппозициялық партиялардың сайлауға бойкот жариялау туралы бастамасына «түсініксіз және болашағы жоқ іс» деген баға берді.
XS
SM
MD
LG