Accessibility links

Каддафидің ұшағы Грекия үстінен ұшып өткен


Ақпарат құралдарының хабарына қарағанда, Ливия жетекшісі Муаммар Каддафидің жеке ұшағы сәрсенбі күні Грекияның әуе кеңістігі арқылы Египетке қарай ұшып өткен.

Грекия Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасалған бұл хабарларда, ұшақтың ішінде нақты кімдер бар екені белгісіз делінген.

Әл-жазира телеарнасының айтуынша, Каддафи отбасына тиесілі үш ұшақ Триполи аймағындағы әуежайдан ұшып шыққан.
XS
SM
MD
LG