Accessibility links

Аризонадағы атыс үшін Лофнер өз кінәсін мойындамайды


Аризонада алты адамды атып өлтіріп, АҚШ Конгресі өкілдер палатасының мүшесі Габриэль Гиффордсты ауыр жаралаған және тағы бірқатар қылмыстық әрекеттер жасаған деген айып тағылған Джаред Ли Лофнер сәрсенбі күні сотта өз кінәсін мойындамайтынын мәлімдеді.

Сот отырысында Лофнердің психикалық жағдайы талқыланды. Оның адвокаттары айыпкердің денсаулығында кінәрат барын айтады.

Қаңтардың 8-і күні АҚШ Конгресінің мүшесі Габриэль Гиффордс Аризона штатындағы Тусон қаласында сайлаушылармен кездесіп жатқанда адамдарға қарсы оқ атылып, салдарынан 6 кісі қаза тауып, оннан астамы жарақат алды. Гиффордс басынан ауыр жараланды. Оқиға болған жердегі адамдар қолында қаруы бар Лофнерді ұстады.

Егер сот Лофнерді кінәлі деп тапса ол өлім жазасына кесілуі мүмкін.
XS
SM
MD
LG