Accessibility links

Марокко королі елде конституциялық реформа жасалатындығын мәлімдеді


Марокко королі VI Мұхаммед Конституцияға елдің саяси және қоғамдық өмірін демократияландыруға бағытталған өзгерістер енгізу туралы мәселені референдумға шығармақ ниеті барын мәлімдеді.

Сәрсенбі күні телеарна арқылы жасаған үндеуінде король бұл өзгертулерді мамандар маусым айына дейін әзірлеп ұсынатындығын айтты. Оның сөзінше, Конституцияға енгізілетін өзгерістердің бірі - елдің үкімет жетекшісін көпшілік дауыспен парламент тағайындау белгіленеді. Сол сияқты, соттардың тәуелсіздігі нығайтылып, әйелдер құқықтары қорғалатын болады.

Соңғы айларда араб әлемін дүр сілкіндірген жаппай наразылықтар Египет пен Тунисте президенттердің қызметтен кетірді. Мароккода да наразылық шерулері өтіп, оған шыққандар елде демократиялық өзгерістердің жасалуын талап еткен болатын.
XS
SM
MD
LG