Accessibility links

«Форбстың» миллиардерлер тізімінде Ким, Ибрагимов және Құлыбаевтар аталды


«Форбс» журналының миллиардерлер тізіміндегі 223-орынға қазақстандық «Қазақмыс» компаниясының басшысы Владимир Ким жайғасқан. Оның байлығы 4,7 миллиард долларға бағаланған. Яғни бұдан бір жыл бұрынғымен салыстырғанда оның дәулеті бір миллиард долларға көбейген.

Ал ЕНРС компаниясының меншік иелерінің бірі Алиджан Ибрагимов 297-орында тұр, оның байлығы - 3,7 миллиард доллар.

«Форбс» тізіміндегі 938-орында Қазақстан президентінің ортаншы қызы мен күйеу баласы Динара және Тимур Құлыбаевтар тұр, олардың байлығы - 1,3 миллиард доллар деп көрсетілген.

Әлемдегі ең бай адам ретінде осымен екінші жыл қатарынан мексикалық алпауыт Карлос Слимнің есімі аталып отыр, оның дәулеті 74 миллиард доллар деп бағаланады. «Майкрософт» фирмасының негізін қалаған Билл Гейтс 56 миллиард доллармен екінші, ал 50 миллиард доллардың иесі овинвестор Уоррен Баффет - үшінші орында деп жазады «Форбс» журналы.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG