Accessibility links

Жапонияда зілзаладан кейін цунами басталды


Рихтер көрсеткіші бойынша 8.9 балдық зілзаладан кейін Жапонияның солтүстік-шығыс жағалауында цунами басталды. Цунами толқындарының биіктігі 10 метрге жеткен. Нәтижесінде көліктер, кемелер және ғимараттар су астында қалған.

Жер сілкінісі Токиоға жақын жердегі мұнай мен болат зауыттарында өрттің шығуына себеп болған.

Хабарларға қарағанда, табиғи апаттан 40-тан астам адам қаза болып, көптеген кісі жарақат алған және адамдар хабарсыз кеткен.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG