Accessibility links

Бесағаш ауылында ұлтаралық дау болды


Наурыздың 11-не қараған түні Алматы облысындағы Талғар ауданына қарасты Бесағаш ауылының ондаған тұрғыны наразылық шарасын өткізді. Олар жергілікті қызды зорлық-зомбылықпен өлтіру әрекетіне қатысты шара қолдануды талап етті. Ақпан айының аяғындағы оқиғаға байланысты айыпталған күрд азаматы тұтқындалған.

Бесағаш ауылының кей тұрғындары күдіктінің отбасын көшіруді талап еткен. Ауыл әкімі Кеңесбек Мендебаевтың Abai.kz ақпараттық порталына айтуынша, күдіктінің отбасы мүшелерін полиция дер кезінде өз қорғауына алған.

Abai.kz сайтының хабарлауынша, наурыздың 10-да күдіктінің отбасы тұратын үйді біреулер өртемекші болған.

Бесағаш ауылы әкімінің айтуынша, қазақ және күрд қауымдастықтарының жетекшілері диалог бастаған.
XS
SM
MD
LG