Accessibility links

АҚШ пен ЕуроОдақ Каддафиді биліктен кетуге шақырды


Еуропа Одағы мен АҚШ Ливия жетекшісі Муаммар Каддафиді биліктен кетуге шақырды.

Жұма күні Каддафидің әскерилері оппозициялық күштерге шабуылдарын жалғастырып, бірқатар әскери жетістіктерге қол жеткізгендерін мәлімдеді. Наурыздың 11-де Каддафидің күштері осы аптада көтерілісшілерден қайта тартып алған Зауия қаласын журналистерге көрсетті. Хабарларға қарағанда, Каддафидің әскерилері Ливияның шығысында оны биліктен кетіруді көздеген оппозициялық күштер бақылауындағы аймақтарға әуеден соққы беріп, ауыр қару-жарақтарды пайдаланып жатыр.
XS
SM
MD
LG