Бүгін Әзербайжан астанасында жүздеген оппозициялық шеруші екінші күн қатарынан наразылық шарасын өткізді. Баку орталығындағы Фонтан алаңында жиналған шерушілер президент Илхам Алиевке қарсы ұрандар айтып, оның биліктен кетуін талап етті.
Полиция наразылық танытушыларды қуып тарату үшін күш қолданды. Билік орындары ұйымдастырушылардың қала орталығында шеру өткізуіне рұқсат бермеген еді. Наразылық шарасын оппозициялық «Мусават» қозғалысы ұйымдастырды. Оған жастар тобы қосылды.
Жұма күні интернеттегі Facebook әлеуметтік байланыс желісі арқылы Бакуде тағы бір шеру ұйымдастырылған болатын.