Accessibility links

Алматыда қоғамдық мәселелерді көтерген митинг өтті


Наурыздың 13-інде Алматы қаласында "Халық билігі" саяси блогы ұйымдастырған митинг өтті.

Оған қатысқан түрлі қоғамдық ұйымдар мен партия өкілдері Қазақстан президенті Қытайға 1 миллион гектар жер бермекші деген хабарға қатысты алаңдаушылықтарын танытып, 3 сәуірге белгіленген кезектен тыс президенттік сайлауға бойкот жариялауға шақырды.

Митинг барысында оппозиция жетекшілері елде араб мемлекеттерінде болып жатқан толқулардың елде болуына жол бермеу үшін реформалар жасауға үндеді.

Наразылық шарасына қатысқандар осыдан бір жыл бұрын су басып қалған Қызылағаш құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.

Алматы қалалық әкімдігі тіркелмеген митинг өткізуге рұқсат берген болатын.
XS
SM
MD
LG