Accessibility links

Египетте бұрынғы билік партиясының бір мүшесі тұтқындалды


Египетте бұрынғы билік кезінде үкіметке қарсы шеруге шыққандарды қатаң басып-жаншуға басқалармен бірге бұйрық берген күдікпен бұрынғы билік партиясының мүшесі болған Әбдел Насыр әл-Джабри 15 тәулікке қамауға алынды.

Тергеушілер ақпан айында экс-президент Ғұсни Мүбәрәкті жақтаушылардың ат пен түйеге мініп шығып, Каирдағы Тахрир алаңында наразылық білдіріп тұрғандарға қарсы қанды қырғын жасаған оқиғаға бұл шенеуніктің қатысы бар-жоғын анықтамақшы.

Бұдан өзге прокуратура елде шерушілерге қарсы жасалған басқа да қылмыстарды тексеріп жатыр.

Ресми деректер бойынша, Египетте халық наразылығы кезінде 365 адам қаза болған.
XS
SM
MD
LG