Accessibility links

Хиллари Клинтон ливиялық көтеріліс жетекшілерімен кездеседі


Бүгін Парижде АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон ливиялық көтерілісшілердің жетекшілерімен кездеседі.

Муамар Каддафидің режиміне қарсы бас көтергендер батыс мемлекеттерін Ливияның әуе кеңістігін ұшудан ада аумақ деп жариялауға шақырып отыр. Бұған дейін араб елдері лигасы бұл бастамаға қолдау білдірген. Франция да БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тиісті шешім қабылдатқызу үшін күш салатынын мәлімдеді.

Ал Еуропа одағының өзге елдері мен АҚШ әзірге бұл жоспарға қолдау білдірген жоқ. Себебі, оны жүзеге асыру үшін Ливияның әскери әуе нысандарына соққы беруге тура келмек.

Ливияның өзінде Каддафиге бағынышты қарулы күштер көтерілісшілерге қарсы шабуылды жалғастырып жатыр. Жексенбі күні билік күштері Брег қаласына кіргенін хабарлады, бірақ сол күні кешке көтерілісшілер қаланы алмақ болғандардың шабуылын тойтарғандарын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG