Accessibility links

Йеменде шерулер жалғасып жатыр


Бүгін Йемен астанасына әскери күштер тартылып, бірқатар қалаларда шерушілер көшеге шыққан.

Елді 32 жыл басқарған президент Али Абдулла Салехтың орнынан кетуін талап еткен шерушілер ақпан айынан бері көшеге шығып келеді. Наразылық шаралары басталғаннан бері 30-дан аса адам қаза тапқан.

Санаа университеті маңында бірнеше апта бойы жиналып жатқан шерушілерді тарату үшін сарбаздар мен әскери көліктер тартылған. Оқиға орнында болғандардың сөзіне қарағанда, ел астанасынан 200 шақырым жердегі Таиз қаласында қатты атыс болған.

Тұрғындардың айтуынша, елдің оңтүстігіндегі әл-Хаута қаласында да қарсылық шаралары жалғасып жатыр.
XS
SM
MD
LG