Accessibility links

Беларусь билігінің халықты күшпен басқанына дәлел құжаттар шықты


Беларусь КГБ-сының бас кеңсесі. Минск, 13 наурыз 2011 жыл
Беларусь КГБ-сының бас кеңсесі. Минск, 13 наурыз 2011 жыл
Human Rights Watch ұйымы Беларусь билігінің желтоқсан айындағы президент сайлауынан кейінгі шерулерде жүздеген адамды заңсыз ұстап, негізсіз қамауға алғанын айтады.

Адам құқын қорғаушы халықаралық ұйымның бүгін таратқан дерегіне қарағанда, Беларусь үкіметі сайлаудан кейінгі наразылықты басу үшін азаматтық қоғамды тұншықтырып, сөз бостандығын шектеген.

Бұл топ сайлаудан бері осы елде адам құқықтарының бұзылғанын, оппозициялық кандидаттардың қудаланғанын, қамауға алынған белсенділердің соққыға жығылып, олардың соттары жабық есік жағдайында өткенін, адам құқын қорғаушы ұйымдарға тексерулер жүргізілгенін растайтын құжаттар келтірген.

Желтоқсан айында өткен президент сайлауында Александр Лукашенко 4-ші мерзімге қайта сайланған.
XS
SM
MD
LG