Accessibility links

АҚШ соты сомалилік бес азаматты өмір бойы түрме жазасына кесті


АҚШ соты теңізде қарақшылық жасаған деген айып тағылған Сомалидің бес азаматын өмір бойы түрме жазасына кесті.

Сот оларды АҚШ әскери-теңіз күштерінің "Николас" кемесіне шабуыл жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Бұдан бөлек, былтыр Африканың оңтүстік жағалауында осы кемеге жасалған шабуылға байланысты тағылған басқа да айыптар бойынша әлгі бес адамның әрқайсысы тағы 80 жылдан түрме жазасын алды.

Сотталғандардың адвокаттары бұл бесеудің қарапайым балықшылар екенін айтып, теңіз қарақшылары оларды ұрлап әкетіп, қорқытып-үркіту арқылы кемелерге қарсы оқ атуға мәжбүрлегенін дәлелдемек болды.

Осылайша, АҚШ-та шамамен соңғы 200 жылдың ішінде алғаш рет теңізде қарақшылықпен айналысқан деп айыпталғандардың ісі бойынша сот үкімі шығарылып отыр.
XS
SM
MD
LG