Accessibility links

Назарбаевқа жолықпақ болған ондаған үлескерді полиция Ақордаға жібермеді


Бүгін таңертең Астананың әкімшілік орталығына елдің әр түкпірінен келген ондаған үлескер жиналды. Бұл туралы оқиға орнынан Азаттық тілшісі хабарлады.

Оңтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары және Алматыдан Астанаға арнайы жеткен үлескерлер өздерінің проблемасын шешуді сұрап ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жүгінуге келгендерін айтады.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, қазір Астанадағы «Байтерек» монументі жанындағы алаңда тұрған үлескерлерді полицейлер Ақорда жаққа жібермей жолдарын бөгеп тұр. Осы жерге жеткен парламенттің кейбір депутаттары, «Нұр Отан» партиясының өкілдері үлескерлерді сабыр сақтауға шақырып, олардың мәселесін басқа жерге барып талқылауды ұсынды.

Алайда үлескерлер президент Назарбаевтың қабылдауын талап етіп, ауа-райының суықтығына қарамастан алаңда тұр.
XS
SM
MD
LG