Accessibility links

Азаттық радиосы сайлаушылар құқығына қатысты дөңгелек үстел өткізіп жатыр


Бүгін Алматыда «Қоғамдық бақылаудан тыс аймақтарда сайлаушылар құқығының сақталуын көрсетудегі бұқаралық құралдары мен үкіметтік емес ұйымдардың ролі» деген тақырыппен Азаттық радиосы мен Соғыс және бейбітшілік репортажы институты бірлесіп ұйымдастырған дөңгелек үстел басталды.

Бұл жиынды Азаттық радиосының сайты арқылы тікелей желіде көруге болады. Мұндай жобаны Азат Еуропа/Азаттық радиосы корпорациясы Қазақстанда алғаш рет өткізіп отыр.

Жиын барысында биліктің бақылауындағы мекемелерде азаматтардың сайлау құқығы қалай сақталып отырғаны, бұл санаттағы сайлаушыларға биліктің қандай қысым жасауы мүмкін екендігі, азаматтардың сайлау құқығын қорғау амалдары, сайлаушылар мен кандидаттарға үкіметтік емес ұйымдар тарапынан қолдау және бұл проблемаларды бұқаралық ақпарат құралдарында қалай көрсету жайы талқыланады.

Дөңгелек үстелге Қазақстандағы саяси партиялардың, Орталық сайлау комиссиясының өкілдері, мемлекеттік кәсіпорындар кәсіподақтарының мүшелері, сонымен бірге қоғамдық ұйымдар белсенділері мен құқық қорғаушылар және журналистер қатысып отыр.
XS
SM
MD
LG