Accessibility links

АҚШ генералы Ауғанстандағы жетістіктеріміз аз деді


АҚШ-тың Ауғанстандағы бас қолбасшысы, генерал Дэвид Петреус Вашингтондағы заңшығарушылармен кездесуінде, Ауғанстандағы америкалық және шетелдік күштер талибан жасақтарын тойтарыс беріп жатыр, дегенмен жетістіктеріміз көңіл көншітерлік емес деп айтты.

Генерал Петреустің АҚШ Сенатындағы мәлімдемесі Ауғанстанда НАТО шабуылынан сейсенбі күні екі бала қаза тапқан тұста айтылды. Ауғанстан шығысындағы Кунар провинциясында НАТО-ның әуе соққысынан егіндік жерін суарып жүрген 10 және 15 жастағы екі бала қаза болған.

Осыдан бірер апта бұрын осындай шабуылдан отын теріп жүрген 9 бала қыршын кеткен. Бұл оқиғаға қатысты Дэвид Петреустің кешірімін ауған президенті Хамид Карзай қабылдамай қойған.
XS
SM
MD
LG