Accessibility links

Бахрейнде қауіпсіздік күштері шерушілерді басып тастады


Бүгін Бахрейн күштері Манама орталығына шыққан үкіметке қарсы жүздеген шерушіге қарсы көзден жас ағызатын газ шашып, оларды әскери көліктермен ығыстырып тастады.

Наразылық шарасына қатысқан екі адам қаза тауып, бірнешеуі жараланған. Шийт шерушілері сүнниттер жетекшілік ететін билікте реформалар жасауды талап етіп, соңғы апталарда Маржан алаңына жиналып келеді.

Сейсенбі күні Бахрейн патшасы елде үш айлық төтенше жағдай жариялады.
XS
SM
MD
LG