Бахрейн билігі 12 сағаттық коменданттық сағат тәртібін енгізді. Осының қарсаңында қауіпсіздік күштері ел астанасы Манаманың орталық алаңына шыққан оппозиция шеруінен күшпен тарқатқан еді.
Сәрсенбі күні қауіпсіздік күштері мен шерушілер арасында болған қақтығыста кемінде бес адам қаза болып, бірнеше адам жараланғаны туралы ақпарат тарады.
Бұған дейін Бахрейн королі елде төтенше жағдай жариялады. Үкіметтің өтініші бойынша ел аумағына көршілес араб мемлекеттерінен әскер кірді.
АҚШ президенті Барак Обама сәрсенбі күні Бахрейн королі Саид Хамадпен және Сауд Арабиясының королі Абдолламен телефон арқылы сөйлесіп, Бахрейндегі оппозиция шеруін күшпен басып-шаншуға байланысты "қатты алаңдаушылық" білдіріп, шерушілерге қатысты "барынша сабырлы болуға" шақырғаны туралы Ақ үйдің өкілі Джей Карни хабарлады.
Оның алдында АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Парсы шығанағы елдері ынтымақтастығы кеңесінің Бахрейнге шетелдік әскери контингент жіберу туралы шешімін сынаған болатын.
Бахрейнде шиит оппозициясының наразылық шерулері осыдан бір айдай бұрын басталған.