Accessibility links

Пәкістан кісі өлтірген америкалықты 2 миллион доллар құн ақыға босатты


Пәкістанның Лахор қаласында екі адамды өлтірген америкалық Рэймонд Дэвис қаза тапқандардың туыстарына шариғат заңы бойынша 2 миллион доллар құн төлеп, бостандыққа шықты. Бұл ақпаратты Пәкістан билігі растап отыр.

Бірақ АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон оны босату үшін АҚШ ақша төледі дегенді жоққа шығарды. Осының алдында Лахор соты Дэвиске екі пәкістандықты өлтірді деген ресми айып таққан болатын.

АҚШ-тың Орталық барлау агенттігінің қызметкері Дэвис қаңтардың 27-де болған атыста өзін қарулы ұрылардан қорғау үшін әрекет еткенін айтып келген. АҚШ оның дипломатиялық иммунитеті бар екенін айтып, тезарада босатуғы шақырған.
XS
SM
MD
LG