Accessibility links

БҰҰ-ның құқық қорғаушысы Бахрейндегі қудалауларды айыптады


БҰҰ-ның Адам құқықтар жөніндегі комиссионері өздеріне Бахрейндегі шерушілердің негізсіз қамалып, өлтіріліп және соққығы жығылып жатқаны жайлы "адам шошырлық" мәліметтер түскенін айтты.

Нэви Пиллей Бахрейндегі қудалауларға алаңдаушылық таныта келе, әскерилердің ауруханаларды басып алуы заңбұзушылық деді.

Сәрсенбі күні Бахрейннің қауіпсіздік күштері танкілер мен тікұшақтар арқылы шерушілерді көшеден күшпен тарқатқан болатын.

Иран Бахрейннің сүннит билігіне қарсылық танытқан шийт шерушілерінің басып-жаншылуына қарсылық ретінде Бахрейндегі елшісін қайтарып алды.
XS
SM
MD
LG