Accessibility links

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Ливияның әуе кеңістігі туралы қарарды мақұлдады


БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Ливияның әуе кеңістігі арқылы ұшуға шектеу енгізу туралы қарарды мақұлдады.

Қауіпсіздік кеңесінің 10 мүшесі қарарды қолдап дауыс беріп, бесеуі – Бразилия, Үндістан, Германия, Ресей және Қытай қалыс қалды. Әйткенмен Ресей мен Қытай Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелері ретінде өздерінің вето қою құқығын бұл жолы қолданған жоқ.

Франция мен Ұлыбритания әзірлеп ұсынған қарарда Ливия азаматтарын Муаммар Каддафи күштерінің әуеден соққы беруінен қорғау үшін "қажетті шаралардың барлығы" жасалатындығы айтылған.

Бейсенбі күні Ливия басшылығы елде болып жатқан жағдайға шетелдік әскери күш араласатын болса, онда Жерорта теңізі аймағындағы әскери және азаматтық нысандарға шабуыл жасау туралы бұйрық беретінін ескертіп мәлімдеме жасады.
XS
SM
MD
LG